Полиция азаматты соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, деп хабарлады Paryz.kz.
Ішкі істер министрлігі боксшы Бейбіт Шүменовті іздеп жатыр ма? Оны неге ұзақ іздеп жатырсыздар? Ол АҚШ-та күнге қыздырынып жатқан сияқты? – деп сұрады БАҚ өкілдері Мәжілістің кулуарында ІІМ басшысынан.
Ержан Саденов полиция жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз, - деп жауап берді полицей Мәжілісте.