Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салынады

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе заң жобасы қарауға алынды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салынады
фото: mk.ru

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу туралы тапсырмасы шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. 

«Заңдардың негізгі новеллалары келесідей:

  • Біріншіден, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, бильбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылып отыр, ал басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.
  • Екіншіден, борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады. 
  • Үшіншіден, лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңсе тотализаторларының интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады.

Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты тағы басқа өте маңызды нормалар ұсынылып отыр, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.