Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 ж.т. бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түсті. Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.
«Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды», - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.