Түркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, үш бала қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желіде таралған ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.
"Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығыштан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.