15.03.2024, 09:54

Қазақстан сейсмологтары екі жер сілкінісін тіркеді

Фото: shutterstock.com

15 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен екі жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:13 және 07:47-де тіркелген. Олардың эпицентрлері тиісінше Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 және 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық кластары 10,4 және 10,7, MPV магнитудасы 4,9 және 4,7, тереңдігі 5 шақырым болды.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.