Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтөбеде таксистерді ақшаға алдаған адам ұсталды

Ақтөбе қаласында оннан аса такси жүргізушіге тапсырыс беріп, ақшасын төлемеген ер адам ұсталды.

Ақтөбеде таксистерді ақшаға алдаған адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Ақтөбе қаласында күдікті ер азамат InDrive қосымшасын пайдаланып, бірнеше таксистті ақшаға алдаған. Ол такси жүргізушілерімен WhatsApp-пен хат жазысып, өз ақшасына супермаркеттен азық-түлік жеткізіп беруді өтініп, өзі жіберген басқа телефон номеріне  ақша аударуға көндірген. Күдікті хат жазысқан кезде өзінде қолма-қол ақшаның бар екенін, тапсырысты мекенжайға жеткізген соң, барлық шығынды ақшалай өтейтінін айтқан. Ол сенімді көріну үшін таксистерге қажетті азық-түліктің тізімін де жолдап отырған.

Содан кейін бір емес, бірнеше таксист ер адамға алданған соң, полицияға хабарласқан. Криминалды полиция алаяққа алдану дерегі бойынша жедел-іздестіру операциясын бастап, күдіктіні Жаңаөзен қаласынан ұстады.

Тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмысын толық мойындады. Ол таксистерді InDrive қосымшасын пайдаланып, алдағанын айтты.

Жәбірленушілер азық-түлікті сатып алып, «тапсырыс берушінің» жіберген телефон нөміріне ақша аударғаннан кейін, жігіт олардың телефон номерлерін бұғаттап, байланысқа шықпай қойған. 10 такси жүргізушіге келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгеден 30 мың теңгеге жеткен.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.