13.03.2024, 18:00

Студенттердің шәкіртақысы артатын болды

Фото: paryz.kz

Қазақстандық студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жария талқылауға шығарылды. Жоба «Ашық НҚА» порталына шықты.

Бұл ретте шәкіртақыны ұлғайту 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап көзделіп отыр.

Құжатқа сәйкес, студенттердің мына санаттары үшін шәкіртақы мөлшерін өзгерту жоспарланған:

Бакалавриат – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 54 205 теңге; Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 86 940 теңге; Магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 123 120 теңге; Докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 мың теңгеге дейін.