Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Олар өзгермейді». Депутат педофилдерді өмірбақи бақылауда ұстауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балаларға азғындық жасағандарды өмірбақи бақылауда ұстауды ұсынды, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Олар өзгермейді». Депутат педофилдерді өмірбақи бақылауда ұстауды ұсынды
Фото: gov.kz

Бірнеше апта бұрын біз өте маңызды заңды қабылдадық. Ол – педофилдерді өмір бойы бас бостандығанын айыру. Енді олар өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма мұның алдында сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Демек алдында сотталғандар бостандыққа шыға береді. Сондықтан біз заңға «Енді бостандыққа шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу керек» деген норманы ұсындық, - деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың пікірінше, педофилдерді өмірбақи бақылауда ұстау керек.

Енді бостандыққа шығатын педофилдерді өмір бойы бақылауда ұстау керек. Тіпті, олар қайда жұмыс істейді, қай жерде тұрады, керек болса, картаға шығарып қою қажет. Өйткені бұл азғындар, айуандар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып отырған жоқпын. Бізге оны ғылым көрсетіп отыр. Бұл түзету неге қолданылмады? - деді ол.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл мәселені қайта қарауға дайын екенін жеткізді.