Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Әділетті Қазақстанды қашан орнатайын деп отырсыздар?» - Ринат Зайытов тосын сұрақ қойды

Мәжілістің жалпы отырысында «Әділетті Қазақстан қашан орнайды?» деген депутат Ринат Зайытовтың сұрағын Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура жауапсыз қалдырды, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

«Әділетті Қазақстанды қашан орнатайын деп отырсыздар?» - Ринат Зайытов тосын сұрақ қойды
Ринат Зайытов, фото: Halyq Uni

«Осы мәселені айтататын басқа жерім жоқ. Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Сұрақ Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне. Президенттің «Әділетті Қазақстан» деген халыққа үміт сыйлаған бір сөзі бар. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кетіп, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар. Оған шешім шығара салатын сот бар. Осыған байланысты сұрақ. Әділетті Қазақстанды қашан орнатайын деп отырсыздар?», - деді Ринат Зайытов Мәжілістің жалпы отырысында.

Әділет министрі Азамат Есқараев депутат сауалының өзекті екенін айтып, бірақ сұраққа нақты жауап бере алмады.

Сұрағыңыз орынды. Мемлекеттік органдармен қайта пысықтап, сіздің сұрағыңызға жауап берейік, - деді ведомство басшысы.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үнсіз қалды.