ИЛ-76 әскери ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

Ресейде Иваново қаласының Солтүстік аэродромының маңында Ресей әскери-әуе күштерінің ИЛ-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ИЛ-76 әскери ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Ұшақта болған 12 адам қаза тапты. Ұшақ оқу-жаттығу рейсін жасап жатқаны белгілі бболды. Ол аэродромнан ұшып, бірнеше минут ауада болады. Бұрылыс кезінде ұшақтың қозғалтқышы өртеніп кеткен.

Ұшқыш аэродромға жетуге әрекеттенген және тұрғын үйлерден алысқа құлауға тырысқан. Ақырында ұшақ зират маңындағы орман алқабына құлады. Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың құлағанын  растады.