Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда екі баласын төрт рет сатқан әйелге үкім шықты

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталғанға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Атырауда екі баласын төрт рет сатқан әйелге үкім шықты
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Сот үкімімен құрсақтағы баласын бірнеше рет сатқан әйел «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ бірнеше рет алаяқтық жасағаны» үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ алаяқ әйелден бала сатып алған екі жұпқа да сот үкімі шықты. Олар «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін» Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

«Сот материалдарынан белгілі болғандай, әйел жүкті бола тұра, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұппен сөз байласқан. Ақша қаражатын бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өз отбасына алған.

Уақыт өте келе әйел қайтадан жүкті болып, бұл жолы баласын екі бірдей отбасылық жұпқа белгілі бір сомаға сатуға уәде берген. Алайда олардың ақшасын алып, ізін суытқан», - делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 млн теңге залал келтірілген.

«Осы уақытта әйел баласын дүниеге келген соң сататын болып, тағы бір отбасылық жұппен сөз байласқан. Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушының шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң ерлі-зайыптылар оны өз отбасыына алған», - делінген хабарламада.

Әйелдің екі баласын асырап алған екі отбасы да балалардың әкелерін анықтап, туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған.

Сот шешіміне қанағаттанбаған сотталғандар сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Алқа апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппады. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.