Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

74 жасында жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жеткізді.

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды
Фото: egemen.kz

«Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты. Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр», – деп жазды ол.

Жұмабай Шаштайұлы (10.10.1950 жылы туылған, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Коммунизм жолы газетінде, 1980-87 жылдары  «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, 1987-90 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді. 

1990-1992 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1996 жылдары Жас Алаш, Қазақ әдебиеті газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық Заман-Қазақстан газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде. 

1982 ж. Таң нұры атты ұжымдық жинаққа «Қияда» атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан «Қызын қар» атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң «Жала мен нала» (1987), «Жыр жолбарыс» (1996), «Біздің заманның Аяз биі» (1997) кітаптары жарық көрді.