Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі алқа билердің, журналистердің қатысуымен ашық сот өткізуді сұрады.
Сот тыңдалымында прокурор Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бірнеше мәлімдеме жасады:
Еске салсақ, бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтіп жатыр.
2023 жылдың қарашасында экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.