10.03.2024, 18:00

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылады

Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлім еткендей ертең,11 наурыз биылғы Рамазан айының алғашқы күні. Демек бүгін еліміздің барлық мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылады.

Тарауих намазынан соң жамағатқа қайту ыңғайлы болуы үшін үлкен мешіттерде арнайы тегін автобустар қарастырылған.

Астана қаласындағы Республикалық бас мешіт өзінің Instagram парақшасында автобустар 3 бағыт бойынша жүретінін бөлісті.