07.03.2024, 17:28

Қазақстандық әйелдер қай салада көбірек жұмыс істейді

фото: Halyq uni

Бүгінде еліміздегі еңбек нарығының 50%-ға жуығында әйелдер қызмет етеді.

Статистика бойынша, Қазақстанда 4 370 715 әйел түрлі салада жұмыс істейді.

Бұл – жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48,3%-ы. 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің:

20%-ы білім беру саласында; 19,6%-ы көтерме және бөлшек саудада; 9,7%-ы ауыл шаруашылығында; 9,6%-ы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында; 7,8%-ы өнеркәсіпте; 1,6%-ы ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейді.