Ведомство әлеуметтік желілерде Қостанайдың бірнеше мектебінде белгісіз адамдар қылмыс жасамақ болып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таралып жатқанын мәлімдеді.
«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір хабарды таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Арандатуға ермеуіңізді, ол хабарламаны таратпауыңызды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер, - делінген хабарламада.
Полицейлер жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.