Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі соталушыдан 5 млн теңге талап етті

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот болды. Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион теңге талап етіп, азаматтық арыз түсірген, деп хабарлады Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі соталушыдан 5 млн теңге талап етті
фото: tengrinews.kz

Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Ол сотта маска тағып, өзін еркін ұстап отырды. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрады.

Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы талап етіп, адвокат та жалдаған.

Бейнежазбада Нұрболатты адам ретінде кешірдім деді. Ал денсаулығына келген залалды өтеу – бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған, - дейді адвокат Бағдат Хасенов.