07.03.2024, 10:53

Ақмола облысында полицейлер 6 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты

фото: polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Paryz 

Жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Қорғалжың ауданы Шалқар ауылында болған.

2018 жылы жазда оның әпкесі Астана полициясына жүгінген. Ол ағасының үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан. Ер адамды астаналық қана емес, облыстағы полицейлер де іздестірді.

«Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Ер адам бірнеше ай бұрын келген жеке үйлердің бірінен табылған. Қазір оның ұзақ уақыт бойы неліктен хабарсыз кеткені анықталып жатыр.