Қайрат Сатыбалдыдан қазірге дейін 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады.
Активтерді қайтаруға келсек, 2022 жылдан бері 1 трлн теңгеден астам сома қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі тергеу аясында қайтарылған, - деді Тілеубеков брифингте.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың ақпанында Қайрат Сатыбалдыдан бюджетке тағы да 82,6 миллиард теңге түскені белгілі болды.