06.03.2024, 14:39

Пәк қыздардың тізімі: Министр студенттердің жеке деректері қалай тарап кеткенін түсіндірді

Фото: Pexels

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда студент қыздардың жеке деректері қалай тарап кеткенін айтты. 

«Бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдарын тарта отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Негізі жеке мәліметті таратпау тұрғысында медицина орталығы қызметкерінің қателігі болған. Физика-техника факультетінде туберкулезді және басқа да ауруларды анықтау үшін міндетті флюорографиядан өтпеген студенттердің белгілі бір саны болды. Медицина орталығының қызметкері флюорографиядан өтпеген студенттердің тізімін жіберген, сондай-ақ ол соның ішінде қосымша медициналық ақпарат жазылған деректерді алып тастамаған. Бұдан бөлек, деканат қызметкері де осы деректерге мән берместен файлды бүкіл деканатқа таратып жіберген», - деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр студенттер бұған дейін гинекологтың тексеруінде болғанын айтты.