Ол Қаржы вице-министрі қызметін 2014 жылғы шілдеден бастап атқарған.
Үкімет қаулысымен Руслан Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады paryz.kz, Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әр жылдары Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарған.
2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін Қаржы вице-министрі болды.