Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Зембілмен көтеріп кетіп бара жатқан адамның Марат Күштібаев екені айтылған.
«Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде айыпталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», - деп түсіндірді олар.
Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін ол екі айға қамауға алынды.