Қазақстандық сейсмологтар Қытай территориясында болған екі афтершокты тіркеді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмобақылау орталығы хабарлады.
Біріншісін ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 04:44-те тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 406 км жерде орналасқан.
Екінші афтершок сағат 06:29-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 км жерде, Қытай аумағында.
Екі жағдайда да Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеді.