«Қазгидромет» су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

 «Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамдарын жариялады. 

«Қазгидромет» су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның жазық өзендеріндегі көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды.

«Қазгидромет» РМК өңдеген «NASA» спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның 72% аумағында қар жабыны бар. Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді», - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Осылайша, су тасқыны қаупі жоғары өңірлер ретінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары аталды.

Қазгидромет

Фото: Қазгидромет РМК

Орта қауіптегі өңірлер – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары болса, Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ. Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасып жатыр.