Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, деп хабарлайды Paryz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды
Фото: freepik.com

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановты ұстау туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұрынғы шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

«Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.