Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бишімбаев ісі: алдын ала сот тындалымы 11 наурызға белгіленді

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тындалымы 11 наурызға белгіленді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев ісі: алдын ала сот тындалымы 11 наурызға белгіленді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.

Дүйім елді дүрліктірген аса ауыр қылмыс бойынша басты күдікті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.