Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

7 жасар бала Есілге құлап кеткен досын құтқарып қалды

Астанада балықшылар мұз астына түсіп кеткен 7 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

7 жасар бала Есілге құлап кеткен досын құтқарып қалды
Фото: видеодан скриншот

Полицияның мәліметінше, 102-ге Есіл өзенінің жағасында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққан туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша сол жерге автопатруль жіберілді.

7 жасар бала түскі астан кейін досымен бірге жағалауда серуендеуге шыққаны анықталды. Ойнап жүріп балалар мұзға шығып кеткен. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен. Екінші бала жақын жерде балықшыларды көріп, жүгіріп барып көмек сұраған.

Балықшылар бірден суға батып бара жатқан балаға көмекке барады. Олар баланы судан шығарып үлгеріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қазіргі уақытта баланың денсаулығы жақсы, - делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Астана қаласының полиция департаментінде балықшы Абдужапбар Абдурайымовқа қол сағатын сыйға тартқан. Досын құқарған 7 жасар Дархан Пуске грамота берілді.