Алматы полициясы қаладағы халықаралық мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы зорланды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеу қылмыс құрамның болмауына байланысты тоқтатылды.
«Зорлау фактісі сараптамалар мен мамандардың зерттеулерімен расталған жоқ. Қалалық прокуратура тергеу шешімімен келісті», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Былтыр қазан айында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.