Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқыс шығару қызметінің құнын көтеруді ұсынуда

Алматының қоқыс шығарушы кәсіпорындары тарифті көтеру туралы бастама көтерді. Бұл ҚТҚ шығару тарифі 7 жыл бұрын белгіленгеніне және содан бері өзгермегеніне байланысты. Осыған байланысты заманауи материалдық-техникалық базаны ұстап күту және бәсекеге қабілетті жалақы төлеу қиындай түсуде, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматыда қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқыс шығару қызметінің құнын көтеруді  ұсынуда
фото: әлеуметтік желіден

Нарық қатысушыларының пікірінше, ҚТҚ шығарудың қолданыстағы  тарифін (553,04 тг.) кемінде 30%-ға өсіру қажет. Бұл шамамен 150-180 теңгені құрайды. Тарифтің ұлғаюы қоқыс шығарушы компанияларға түскен табысты жылына 20 бірлікке дейін арнайы техниканы жаңалауға, сонымен қатар қатардағы қызметкерлердің жалақысын 20%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, кез келген коммуналдық тарифтің ұлғаюы кезінде әлеуметтік осал топтардың мүддесі ескеріледі: олар үшін әрқашан  коммуналдық төлемдердің өсуін қамтитын әлеуметтік төлемдер қарастырылған.  

«Жинақтау нормалары Алматыда 5 жылдан бері өзгермеген. Жинақтау нормасы - жылына бір адамға 2,5 куб. Жеке сектордан аптасына бір рет деп есептейтін болсақ, 12 кг бір шелек болып шығады. Жинақтау нормасын көтеретін болса, қоқыс шығару құны да көтеріледі. Ал біздің тұрғындардың ойынша, айына бір рет 500 теңге төлегенмен бәрі шектелуі керек. Халық батыспен санасқанды әдетке айналдырған. Алайда мен Франкфуртте болдым: ол жақта бір үй 50 евро төлейді, бұл минималды тариф. 50 евро  теңгеге шаққанда 20 мыңды құрайды. Мен 20 мыңға дейін көтеруді ұсынбаймын, алайда тарифті қайта қарастыру қажет. Ал қазір біздер шығынмен жұмыс жасап отырмыз. Сонымен қатар, тұрғындар жиі төлемей жатады, ал оларға шара қолдана алмаймыз. Есігін қақсақ, ашпайды. Ал қоқыс шығарылмаса, қоршаған орта басқармасы бізге айыппұл салады. Біз заңмен қорғалмағанбыз», - деп есептейді жекеменшік қоқыс шығару компаниясының иесі Сәкен Темірғалиев.  

Оның айтуынша, тарифтердің соңғы көтерілген кезінен бері 7 жылдан астам уақыт өткен, бұл аралықта қажетті материалдардың бағасы 50 пайыздан астам қамбаттаған.

Сонымен қатар, қазіргі кезде  бұл салада төмен жалақы мен ауыр жұмыс жағдайына байланысты мамандардың жетіспеушілігі де өзекті мәселе болып отыр.