Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Самат Әбіш қайда? – Бас прокуратура жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбішке қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Самат Әбіш қайда? – Бас прокуратура жауап берді
Коллаж: Halyq Uni

Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол Қазақстанда. Қалғанын білмеймін. Елден шықпау туралы қолхат жазылған. Қалғанын айта алмаймын. Менде оған рұқсат жоқ. Іс сотта қаралып жатыр, - деді Шындалиев.

Қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді.

БАҚ беттеріндегі мәліметке сәйкес, Самат Әбіштің үстінен  Қылмыстық кодексі 362-бабының 4-бөлігі бойынша (Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалған. Бұл баппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және жазаны айппұлмен алмастыру мүмкін емес.

Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған болатын.