28.02.2024, 12:16

Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.