Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласына Қосшы қалашығының қосылу мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді.
«Қаңтарда ғана 2035 жылға дейін қаланы дамытудың бас жоспары бекітілді. Мен сіздерге ресми түрде нақты мәлімдей аламын, бекітілген құжат аясында Қосшыны Астана қаласына қосу аталған кезеңге дейін қарастырылмаған», - деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.
Жеңіс Қасымбек мұнан бөлек елордаға іргелес Ильинка, Үркер елді мекендерінің бар екендігін, оларды да қалаға қосу жоспарда жоқ екенін атап өтті.
«Ильинка балалары Үркерге барып оқиды. Қазір екі мектеп салып жатырмыз», - деді елорда әкімі.