Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты әуе рейстері өзгереді

Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы мен Шымкент қаласында, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты әуе рейстері өзгереді
Фото: gov.kz

Министрлік халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) бірлесе отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша қажет жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде отандық әуе компаниялары билеттерді сату жүйелерін өзгертті. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін әуе компаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпанынан 2 наурызына дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабы базасында «жедел желі» ашылады. Рейстің ұшу уақыты өзгеру мәселелері бойынша жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлері бойынша хабарласа алады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоның Азаматтық авиация комитеті рейстің өзекті ақпаратты нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласу керектігін атап өтті.

Жолаушылар Air Astana компаниясының + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77, FlyArystan-ның +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227), SCAT компаниясының  +7 7252 99 88 80 және Qazaq Air-дың + 7 727 356 14 14 телефон номеріне хабарласа алады, – делінген материалда.