Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Голощекин Сталинге қазақтар туралы не жазды?

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Болат Жоламанұлы ашаршылықтың басты себептерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Голощекин Сталинге қазақтар туралы не жазды?
Фото: Baq.kz

- Ашаршылық кімдерден және қандай жұмыстардан басталды?

Ашаршылық өткен ғасырдың 20-30 жылдары басталды. Оның ішінде ең ауыр кезең - 1921-1922 жылғы ірі ашаршылық. Ол кезде кеңес үкіметі ел аумағын жаппай модеринациялауға көшірді. Ең қиын жылдардың бірі 1928 жылы басталды. Бұнда қазақ байларын кәмпескелеу саясатын іске асырылды. Сол жылдары астық пен ет дайындау науқандары қатар жүрді.

Кеңес үкіметі қазақ жеріндегі көшпелі және жартылай көшпелі 800 байдың тізімін жасады. Бұл әр округ бойынша шамамен 70-80 адам. Байларды тәркілеу жұмысы 2-ақ айдың ішінде жүргізілді. Сол уақытта байлардың соттайтынын соттап, қажетті дейтін мал-мүліктерін тәркілеп алды. Өмір сүруге деп адам басына 10-15 бас мал қалдырды. Ең сорақысы, ауқаттылардың біразы жер аударылды. Мәселен, Алматыдан Солтүсттікке, Шығыстан Оңтүстікке айдауға жіберілді. Жалпы, жайлауда жатқан тыныш жұртты тамырымен жұлып алды. Оның үстіне үкімет жерлері көп феодалдармен де күрес жүргізді. Бұл кезеңде әр адам қандай мөлшерде пайда тапса соның біраз мөлшерін мемлекетке өткізуге міндетті болды. Мұндай салықты төлеуге орта таптың, байлардың да ниеті болған жоқ. Мемлекет мұны реттеу үшін округтерге уәкілдерін жіберіп, тексеріс жүргізді. Әр үй есепке алынды. Қарсы шыққандардың малдары күшпен тартылып алынды.

- Ең ауыр жылдар деп нешінші жылдарды атай аламыз?

Елімізде тұрғындар көбіне мал шарушылығы және маусымдық жер шаруашылығымен айналысқан. Яғни жазда егін егіп те пайда тауып тұрған. Алайда астық науқанын жеделдету және шаруларға күш қолдану туралы Иосиф Сталиннің арнайы бұйрығы шығады. 1928 жылға дейін ондай күш қолданылған жоқ болатын. Оған дейін шаруалар үкіметке керек астық мөлшерін беріп, өзіне қалғанын сатып күн көрген еді, алайда кейінгі жылдар одан қиындай түсті. Үкіметтің жылдық астық мөлшері жиналмай, халықтың жиған-тергенін толығымен тартып алу саясаты жүрді.

- Қазақ жеріндегі ашаршылық геноцид пе?

Әрине, бұл экономикалық жою жұмысы, бәрі содан басталады. Халыққа жасалған барлық қыспақ және реформалар аштыққа алып келді. Себебі, ешкімде экономикалық еркіндік жоқ, оның үстіне ол кезде қандай бай болсын кеңес үкіметінің бұл саясатты не үшін жасап жатқанын түсінген жоқ. Шын мәнінде, үкіметтің мақсаты ауқатты байлардың көзін жойып, жаппай ұжымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру еді. Мемлекет бәрін бақылауға алып, жоспарлы экономикаға бірден көшірудің әдісі болды.

- Қазақтың байларында қанша мал болған?

Республикада 1926 жылы ірі қараға шаққанда 26 миллион мал басы болған. Ал, 1929 жылы 40-41 миллионға жуық қара мал болды. Елімізде мал шаруашылығын дамытуға толық жағдай болды. Табиғи аумаққа байланысты Қазақстанда төрт-түлік көп еді. Әсіресе, мал басы Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Бетпақдалада шоғырланды. Негізі қазақ байларында 10-15 мың ірі қара мал иеленген. Кейбір деректе 18-20 мың малы болған дейді. Ол Қазақ хандығының тұсында болуы керек. Әрине, көбі жылқылар.

- Халық нақты неден қырылды?

Кеңес үкіметі қазақтың мал шаруашығын өркениетті шарушылыққа жатқызбады. Бұл жерде отырықшы болуға тиіс сонда өркениеті болады деп есептеді. Филлип Голощекин Сталинге жазған хатында (автор – шамамен) "Далада қазақтар көшіп-қонып жүр екен. Әлі мәдениеті төмен деңгейде. Тұрақты үйі мен мектебі де жоқ. Тамақты әлі қолымен жейді екен" деген сияқты хат жазған. Оның мақсаты қазақты аппақ үйде тұрып, қасықпен тамақ жейтіндей ұлтқа айналдыру болған. Былайша айтқанда, еуропалық мекендегі ауыл жасағысы келді. Бірақ ол қазақ даласының заңдылықтарын мүлдем түсінбеді.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!