Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

Қазақстан жанкүйерлері Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіге тарап кетті.

Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойын кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

Трибунада отырған жанкүйерлер елдің атына сөз келеді-ау дегенді ысырып қойып, командаларының жалған намысы үшін бір-біріне орындық лақтырып, балағаттаған.

Ал матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.