Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады
Сотталушылардың қатарында Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.
2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.