Наурыз айында қанша күн демалыс болады

Наурыз айында екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Наурыз айында қанша күн демалыс болады
фото: egemen.kz

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз – демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз -жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.

Бұған сенбі-жексенбі күндерін қосыңыз.