26.02.2024, 09:41

Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.