22.02.2024, 16:55

Қонаев қаласында аға прокурор парамен ұсталды

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қонаев қаласында аға прокурорды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Біз биылғы 12 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз», - деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Оған қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

«ҚР ҚІЖК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері  жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.