Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлері жүргізушіні көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Бұдан әрі жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында осы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туралы полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, өзі 6 мың теңге көлемінде пара беруге тырысқан және ол ақшаны орындықтардың арасына салған.
Сотта сотталушы кінәнісін толық мойындап, қорғаушы тарап ең төменгі айыппұлды тағайындауды сұрады. Сондай-ақ сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен жүргізушіге ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 67 мың 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.