Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдырған тұрғындар ұсталды

Тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдырған тұрғындар ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдырған тұрғындар ұсталды
фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатумен айналысқан 2 күдіктіні анықтады.

Кентауда тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притонды тапты. Сонымен қатар, құрамында апиын бар 10 миллилитр 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіленді.

Екінші күдіктінің мекенжайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды. Күдіктілер – Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Күдіктілер қамауға алынып, барлық мән-жай анықталып жатыр.