Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Түркістанда балаларға қастандық жасаған тағы бір адам ұсталды

Түркістан облысының полиция департаменті жас балаларды тепкен ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Түркістанда балаларға қастандық жасаған тағы бір адам ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы ПД бастығы істі жеке бақылауына алды

«Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда», - делінген хабарламада.

Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында.

Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсету тыйылар емес. Бүгін әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай балаларға дауыс көтеріп, теуіп жатқан видеосы тарады.