22.02.2024, 10:20

Қарағандыда мемқызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған күдікті ұсталды – ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қарағанды облысында мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деп күдіктелген тұрғын ұсталды. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.

Тінту кезінде одан 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

«Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп отыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.