Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жетібай тұрғындары мұнай компаниясына жұмысқа алуды талап етті

Бүгін, 21 ақпан күні, Қарақия ауданының бірқатар жұмыссыз тұрғыны аудан басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жетібай тұрғындары мұнай компаниясына жұмысқа алуды талап етті
Фото: видеодан скриншот

Олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды.

Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.