Ол мектепте жұмыс істемейтін адамдарға және өзінің жақын туыстарына ақша аударған.
Прокуратура осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарында анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы Алматы мектептерінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жарты мыңнан астам заң бұзушылық, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелердің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілері анықталды.
Тексерулер нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, шамамен 60 млн теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін "QR-код" әзірленді.