Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бойжеткенді жәбірлеген әкімдік қызметкері ұсталды

Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бас маманы бойжеткенге дөрекі сөздер айтып, ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бойжеткенді жәбірлеген әкімдік қызметкері ұсталды
Фото: sputniknews.kz

Әкімдік оның жастар саясаты басқармасында істейтінін мойындады.

"Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 61-бабы 1-тармағының 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды", - деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жастар саясаты басқармасы бас маманының мәселесін қазіргі күні полиция қарап жатыр.

"Алматы қаласының полиция департаменті Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жасап жатыр. Ер адам ұсталды", - дейді қалалық полиция департаменті.

Ведомствоның айтуынша, іс сотқа жіберіледі.