20.02.2024, 15:19

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты

Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында тұрғын үйде өрт болып, ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Облыстық ТЖД хабарлауына, қайғылы оқиға Денисовский ауданы Антоновка ауылында сағат 07:30 шамасында болған.

«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр болатын екі газ баллонын эвакуациялады.

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері жанып жатқан үй-жайда 1978 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Сағат 8: 56-да өрт Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жойылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.