Бүгін БАҚ-та Алматыда полиция майорының қызметтік автокөлікке отырып, апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жарияланды. Ол Toyota және полиция көлігіне соғылған.
Қалалық полиция басқармасы болған жағдайға түсінік берді.
Алматыда полиция қызметкерінің мас күйде көлік апатына түсуіне байланысты тергеу басталды. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, ол теріс әрекеті үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Тағы бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Іс ІІМ басшылығының жеке бақылауында, - деп жазылған хабарламада.