Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дәрігер бауыр ауруының белгілерін атады

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы Instagram-дағы парақшасында бауыр ауруының белгілерін атады.

Дәрігер бауыр ауруының белгілерін атады
Фото: pexels.com

Маманның айтуынша, бауырдың ауырғаны адамға білінбейді. Мына белгілерді байқасаңыз, бауыр мен өтіңіз «бізге көмек керек» деп айқайлап жатыр деп біліңіз:

- Терідегі, көздің астындағы ұсақ ісіктер;

- Дененің әр жерінде қан тамырлар қызарып көріне бастайды. Бауырдағы қанайналым бұзылғанда қан тамырларға қысым түсіп, тері астындағы капиллярлар кеңейіп, теріде әр жерден қызарып көрінеді;

- Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Бауыр жасушалары бүлінгенде уыттарды дұрыс шығара алмай, жағымсыз иіс шығады;

- Көздің ағы мен терінің сарғаюы. 

Бауырдың міндеті – билирубинді өңдеп, ағзадан шығару. Ауру бауыр оған әлі келмей, бұл сары пигмент қанда жиналып тұрып қалады да, тері сарғаяды.

Адамдар бұл белгілерді байқаған кезде дәрігерге қаралуға кеңес берді.