Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 кг марихуана тәркіленді

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 кг марихуана тәркіленді
Фото: видеодан скриншот

«Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 кг марихуана екені анықталды», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 кг болатын марихуана болып шықты.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған.

Жалпы салмағы 77 кг-нан асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейіннен сату мақсатында сақтаған.

«Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған осы қылмыс үшін ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – деді Әмірханов.